Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының  «Zerek» бөбекжайы» МКҚК
Управления образования Акмолинской области по городу Кокшетау ГККП» ясли-сад "Zerek" города Кокшетау при отделе образования

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: "Мерекелі,берекелі Алтын күз" Тәрбиеші:Лақай Айгерім Азаматқызы

27.10.2020

«Берекелі,мерекелі Алтын күз»

Жүргізуші:

 Қарсалайық бәріміз 

 Жасымызбен кәріміз

  Қырдан кепті қыдырып 

Алтын күзде нұр төгіп

  Тілегім аман болсын ел іргесі 

 Алтын күз қайта келді ел іргесі 

Молшылықтыңжаршысы бола білді 

 Алтын күз-ырысбереке ала келді. 

Армысыздарқұрметті қонақтар, Құрметтібалалар.  Сіздерді «Берекелі, мерекелі Алтынкүз » аттыертеңгілігіміздітамашалауғашақырамыз.  Алтын күзмерекесінебалалардықарсыалайық.  (әуенмен балалар кіреді)

 

Ән:  «Алтын күз»

 

Жүргізуші.Балалар, Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар ?

Балалар. Күн суытады, құстар жылы жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады.

 

(Әуен ойнайды)

Саңырауқұлақ кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма? Балалар.Иә  таныдық.

Саңырауқұлақ:Мен сендерді мейрамдарыңмен  құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын, мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердің не ойлап отырғандарынды да білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?  

Балалар:Иә

Саңырауқұлақ. Бірақ, жаз енді әзір қайта оралмайды

( Әуен; Күн күркірейді.)

Саңырауқұлақ:Қорқып кетеді. Бұл не?

Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.

Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем

Жүргізуші:Күзім –ау, күзім ау

Мінезін бұзық — ау

Жаңбырдын сіркіреп

                     Тұрғаны қызық –ау.

Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ,Жаңбыр әнін қабыл ал.

Ән: «Жаңбыр»

Бағбаншы: кіреді.

Жүргізуші:  Сен кімсін? Қайдан келдің?

Бағбаншы: Мен орманшымын.  Орманнан балаларды мейрамымен құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?

Саңырауқұлақ: Біз сізбен келеді деп ойладық.

Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.

Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар, күтейік!

Бағбан:Мен сендерге алтын күздің берекесі, молшылығы  көкөністер мен жемістерді алып келдім .

Саңырауқұлақ:Ооо Бағбаншы, мен бір ойын білемін. Ойыннын аты  жемістер мен көкөністерді ажырат. Балалар ажырата аламекен байқайық.

Ойын: Көкөністер мен жемістер.

 Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.

Күз ханшайымы мен  жел кіреді:

Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер. 

Әуен: Сиқырлы

Жел:Ақалай мақалай, ақалай мақалай, күз ұйықта ,ұйықта.

(Күзді ұйықтатып тастайды).

Саңырауқұлақ: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадың? Күз бізге керек, оны балалар күтіп  отыр ғой.

Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады. Мен барлығын ұшырып жіберемін. Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессің.

Жел:  Жоқ мен мықтымын.

Саңырауқұлақ: Ондай болса мықтылығыңды көрейік.

Ойын: «Жапырақтар»

Ойын шарты: Жел жапырақтарды ұшырады,балалар тез тез жапырақтарды жинап себетке салу қажет.

Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты?

 Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік.  

Саңырауқұлақ: Жоқ,сен жеңілдің, күзді балаларға қайтар.  Саған балалар өлең жолдарын арнайды.

Арлан

Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапсырақтар саулайды.

 

Дария

Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Аяна

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс динау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Нәби

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Ерасыл

Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Таир

Алтын,сары,қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады атырап

 

Жел:Рахмет балалар, кешіріңдерші мені. Ақалай ,мақалай күз оян . (Жел кетіп қалады)

Жүргізуші:Қош келдің, берекелі ,мерекелі алтын күз.   Бүгінгі  мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала.

Күз ханшайымы:Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным ,

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар,

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар.

Рахмет балалар,мені құтқарғандарыңа. Мен осы мерекені асыға күттім.  Мерекеге сый ретінде , көңілді би ала келдім, келіңдер қыздар бірге билейік.

Би: «Күзгі алқап»

Жүргізуші: Рахмет Күз ханшайымы, сізге біздің балалар да өздерінің сый -сыяпатын дайындап қойған,сізге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыз.

Айлин

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Алимхан

Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

 

Алижан

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

Даяна

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Эмирали

Ағаштардан жамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 

Мадияр

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

 

Жүргізуші: Саңырауқұлақ, Бағбан ата, Күз ханшайымы Сіздерді балалар көргендеріне өте қатты қуанышты, солай ма балалар ?

Балалар : Иа
 

Жүргізуші: Ендеше, біздің қонақтарымызға әсем биімізді тарту етейік.

 

Би: «Жапырақтар»

 

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге мені желден құтқарып, ән айтып,би билеп жақсы көңіл күй сыйладыңдар. Бірақ, өінішке орай бізге кету керек, басқа балаларды да мерекемен құттықтауымыз керек.Сау болыңдар, келесі кездескенше.

Балалар : Сау болыңыздар

Ән: «Берекелі Алтын күз»

Жүргізуші:Құрметті балалар, қонақтар осымен біздің «Берекелі, мерекелі Алтын күз»атты мерекеміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.11.2020 14:31
Құрылған күні: 05.11.2020 14:39

Текст